74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін белдесуде Сейілбеков Италия өкілі Алессио Перентиноны 10:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

Қазақстандық балуан жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде молдовалық Каталин Спинаны 11:1 есебімен жеңді. Ширек финалда түркиялық Умут Услудан 3:1 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Нұрдәулет Сейілбеков америкалық Джейдан Джеймспен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан 4:13 есебімен жеңіліп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Шешуші кездесуде Сейілбеков өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, Италия балуанын жеңді. Осылайша, Нұрдәулет Сейілбеков Қазақстан қоржынына жастар арасындағы әлем чемпионатының кезекті медалін салды.