Ұлттық құрама Азиадада күрестің үш түрінен жалпы саны 18 спортшымен өнер көрсетеді. Команда құрамына елдің үздік балуандары — Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Демеу Жадыраев және Жәмила Бақбергенова енді.
Грек-рим күресі
60 кг — Ернұр Фидахметов
67 кг — Мейіржан Шермағанбет
77 кг — Демеу Жадыраев
87 кг — Шамиль Ожаев
97 кг — Ислам Евлоев
130 кг — Олжас Сырлыбай
Еркін күрес
57 кг — Нұрданат Айтанов
65 кг — Начын Куулар
74 кг — Нұрқожа Қайпанов
86 кг — Азамат Дәулетбеков
97 кг — Ризабек Айтмұхан
125 кг — Едіге Қасымбек
Әйелдер күресі
50 кг — Зейнеп Баянова
53 кг — Шұғыла Өмірбек
57 кг — Нилуфар Раимова
62 кг — Ирина Кузнецова
68 кг — Жәмила Бақбергенова
76 кг — Эльмира Сыздықова
2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти-Нагоя префектурасында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Ал күрес бәсекелері 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұйымдастырылады. Үш спорт түрі бойынша барлығы 258 балуан Азия ойындарының жүлделері үшін бақ сынайды.
Жарыс бағдарламасының ерекшелігі — әйелдер күресінен бәсекелер турнирдің әрбір жарыс күнінде өтеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!