12–13 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласындағы TAURON Arena спорт кешенінде грэпплинг әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі — ADCC World Championship 2026 өтеді.

Қазақстандық Бекзат Қапашов -66 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Бұл дивизионда әлемнің үздік грэпплерлерінің қатарына кіретін Diego Pato, Fabricio Andrey, Kennedy Maciel, Gianni Grippo, Owen Jones және басқа да мықты спортшылар өнер көрсетеді. Жалпы -66 кг салмақта 16 спортшы жүлдеге таласады.

Бекзат Қапашов ADCC әлем чемпионатына Asia & Oceania Trials іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, жолдама иеленген болатын.

ADCC — submission grappling бойынша әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі. Жарыстың деңгейі мен қатысушылар құрамына байланысты оны кейде бейресми түрде «грэпплингтің Олимпиадасы» деп те атайды.

Бекзат Қапашовқа алдағы әлем чемпионатында сәттілік тілейміз!