«Азия чемпионатының нәтижесі көңілден шықпады. Бір өкініштісі, біз отандық күрестегі проблемаларға терең қарамаймыз. Біздің жігіттерге мінез жетіспейді. Қолда жұмыс істемейді. Алып-жұлып, ары-бері жұлқылау қажет. Тәуекел жасау жоқ, кеудеден асыра лақтыру жоқ, іштен іліп шалу жоқ. Одан кейін клинчке бармайды. Әдісті дайындағанда алдымен осылай жасау керек. Қарсыластың қимылдауына мүмкіндік бермеу керек. Оны, керісінше, өзің ашуың керек. Осыны реттемей қиын болады. Ешкім жайдан-жай жеңісті бермейді. Екі ер азамат шыққаннан кейін кәдімгідей қырылысу керек», — деді Байрамуков.
Айта кетейік, Азия чемпионаты Қырғызстанда өтті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста күткен нәтижені көрсете алмады.
Ақпарат SPORTMINISTRI инстаграм парақшасынан алынды
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!