Қазақстан құрамасының спортшысы Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Батырбеков Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Ахмед Андизбен кездесті. Финалдық бәсекеде қарсыласына жол берген қазақстандық спортшы Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.
Осылайша, Нұржан Батырбеков Қазақстан құрамасының қоржынына джиу-джитсудан кезекті жүлдені салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!