Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек еркін күрестен ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде Үндістан өкілі Раджат Рухалды 8:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Келесі кезеңде Едіге Қасымбек Өзбекстан балуаны Хасанбой Рахимовтан 14:4 есебімен басым түсті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Иран өкілі Амир Хоссейн Зареге 3:3 есебімен жол беріп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Едіге Қасымбек Түрікменстан өкілі Зыямухаммет Сапаровты 14:4 есебімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!