Қазақстан құрамасының өкілі Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарыс жолында Моңғолия өкілі Мунхнар Бямбасуренді 8:4 есебімен жеңді. Ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Миран Чхоннан 7:3 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде Зейнеп Баянова жапониялық Юи Сусакиге есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде қазақстандық балуан Үндістан өкілі Дипаншиді жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!