Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін Моңғолия өкілі Батбайар Батсухты, Иордания спортшысы Осама Набасты және қырғызстандық Абдурахман Муртазалиевті жеңді.

Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Мерей Қабдуллаев Сауд Арабиясының өкілі Абдуллах Тариг Надамен кездесті.

Финалда қазақстандық спортшы қарсыласына 0:7 есебімен жол беріп, Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.