Бразилиялық спортшы бес раундтық жекпе-жекте отандасы Диего Лопеспен кездеседі. Бұл айқас 12 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Оливейра BMF белбеуін алғаш рет қорғамақ. Ол титулды биыл наурыз айында Макс Холлоуэйді төрешілер шешімімен жеңіп, иеленген еді. Бұған дейін Чарльз Матеуш Гамротты екінші раундта сабмишн арқылы жеңген.
Ал Диего Лопес соңғы жекпе-жегін UFC White House турнирінде өткізіп, Стив Гарсияны екінші раундта нокаутқа жіберді. Осы жеңіс арқылы бразилиялық Алекс Волкановскиге қарсы титулдық реваншта төрешілер шешімімен жеңілгеннен кейін қайта жеңіс жолына шықты.
Сонымен қатар UFC 335 турнирінің екінші басты жекпе-жегі де белгілі болды. Бұл кездесуде бұрынғы UFC чемпионы Алекс Перейра мен ресейлік ауыр салмақтағы файтер Сергей Павлович күш сынасады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!