29 қазанда өтетін UFC BJJ 13 турнирінде отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта канадалық Лиам Крелинстенмен (Liam Crelinsten) шеберлік байқасады.

Сейілхан Болатбек — халықаралық аренада бірқатар жетістікке жеткен қазақстандық джиу-джитсу шебері. Ол 2026 жылы IBJJF тұжырымы бойынша қоңыр белбеулілер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Бұдан бөлек, қазақстандық спортшы ADCC Las Vegas Open және AIGA Asian Championship турнирлерінде топ жарған. Оның еншісінде Abu Dhabi World Pro додасының күміс жүлдесі де бар.

Жақында Жапонияда өткен Азия ойындарында да Сейілхан Болатбек 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.

Енді отандасымыз UFC BJJ алаңында өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алады.