Бахтияр Несіпбек бұл жекпе-жекке бұрынғы UFC файтері Бекзат Алмаханның орнына шықты. Алмахан турнирге аз уақыт қалғанда денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған. Осылайша, қазақстандық спортшы кездесуге небәрі екі күн қалғанда ұсынысты қабылдап, октагонға шығуға келісті.
Несіпбектің қарсыласы АҚШ өкілі, Fury FC лигасының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Абдул Камара болды. Қысқа мерзімде дайындалғанына қарамастан, Бахтияр қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қазақстандық файтердің бұған дейінгі жекпе-жегі 2025 жылы Алматыда өткен OCTAGON 70 турнирінде болды. Сол кездесуде ол Қырғызстан өкілі Елдан Сакеевпен жұдырықтасып, бірінші раундта ауырту әдісімен жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Бахтияр Несіпбек октагонға сәтті оралып, жекпе-жекке небәрі екі күн дайындалғанына қарамастан, америкалық лиганың қазіргі чемпионын нокаутқа түсіріп, өзінің жоғары деңгейін көрсетті.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!