Пратес бұған дейін бұрынғы чемпион Леон Эдвардс-ты нокаутқа түсіріп, мансабындағы маңызды жеңіске қол жеткізген еді. Енді ол Джек Делла Маддалена-мен кездесуге дайындалып жатыр.

«Егер қатарынан екінші рет бұрынғы чемпионды нокаутпен жеңсем, титулдық жекпе-жекке жол ашылады деп ойлаймын. Бұл дивизионда менен басқа лайықты үміткер жоқ», — деді Пратес.

Сонымен қатар, ол Иан Мачадо Гарри мен Ислам Махачев арасындағы ықтимал титулдық жекпе-жек туралы да пікір білдірді. Пратес Гарридің чемпион атануын қалайды, себебі болашақта онымен реванш өткізуді көздеп отыр.

«Бізде жоспар бар: мен Маддаленаны жеңемін, Гарри Махачевті жеңеді, содан кейін Бразилияда реванш өткіземіз», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гарри Пратесті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Енді бразилиялық файтер сол жеңілістің есесін қайтаруды мақсат етіп отыр.

Пратес алдағы қарсыласы Маддаленаның деңгейін жоғары бағалайды және оны мансабындағы ең қиын қарсылас болуы мүмкін екенін жасырмады.

«Ол — өте мықты боксшы. Бірақ мен дивизиондағы ең үздік страйкермін деп ойлаймын. 2 мамырда кім мықты екенін көреміз», — деп түйіндеді файтер.