Евлоевтің пікірінше, спортшыларды тыйым салынған препараттарға тексеру күшейгеннен кейін бразилиялықтың нәтижелері күрт төмендеген.
Бұл сөздер Жозе Алдоның ашуын туғызды. Ол UFC басшылығының Евлоевке чемпиондық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік бергеніне де таңданысын білдірді. Бразилиялық файтердің айтуынша, ол промоушен басшысы болса, Мовсарды ұйымнан шығарып жіберер еді.
«Мені әрдайым өте қатаң допингтік тексерулерден өткізетін. Бірақ ешқашан ештеңе тапқан жоқ. Ал ресейліктерге келсек, олардың Олимпиада ойындарындағы, WADA-мен байланысты тарихын және басқа да жағдайларды жақсы білеміз. Сондықтан оған, қарғыс атқыр, бұл туралы айтуға болмайды.
Оның үстіне, ол дивизионда елес сияқты — кім екенін ешкім білмейді. Оған чемпиондық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік тек дивизионда тоқырау болғандықтан берілді», — деп Алдоның сөзін MMA Fighting басылымы келтіреді.
Бразилиялық аңыз Евлоевті жекпе-жектерінің қызықсыздығы және белсенділігінің төмендігі үшін де сынап, оның жанкүйерлер арасындағы танымалдығына күмән келтірді.
Айта кетейік, Мовсар Евлоев кәсіби мансабында әлі жеңіліп көрген жоқ. Оның рекорды — 20 жеңіс, 0 жеңіліс. Алдағы жекпе-жегінде ресейлік файтер UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановскимен кездесіп, чемпиондық белбеуді иеленуге тырысады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!