Ақ Үйдегі турнир 14 маусым күні өтеді. Идеяны алғаш болып Дональд Трамп ұсынған болатын. Ол 2026 жылы Америка Құрама Штаттарының 250 жылдығына орай ауқымды іс-шаралар өткізілетінін жариялаған еді.
Дегенмен, Уайт бұл жобаның саясатпен байланысы жоқ екенін ерекше атап өтті:
««Кім қандай саясатты қолдайтыны маңызды емес. Бұл кештің саясатқа қатысы жоқ. Бұл — Америка мен оның құндылықтарын дәріптейтін шара», — деді ол.
UFC басшысы турнир толықтай ұйымның өз қаржысына өтетінін де ерекше айтып кетті. Шараға мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Бұған дейін ұйымдастырушылар кешті өткізу үшін шамамен 60 миллион доллар бөлуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, жекпе-жектер Ақ үйдің оңтүстік алаңында арнайы салынатын үлкен құрылымда өтеді. Қазір аренаның конструкциясы Еуропада дайындалып жатыр, кейін АҚШ-қа жеткізіліп, мамыр айында орнату жұмыстары басталмақ.
«Мен жекпе-жектерді көріп отырып, артқы көріністе Ақ үйдің тұрғанын көргім келеді», — деді Уайт.
Алдағы турнирдің трансляция уақыты мен толық кард әлі жарияланған жоқ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!