Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған. Сонымен қатар, жас таеквондошы Айым Серікбаеваның Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атағына Әлем чемпионы титулы қосылды. Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бұған дейін ел қоржынынына Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай қола медаль. Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.
Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі*
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!