UFC жұлдызы Конор Макгрегор мен оның бұрынғы досы әрі спарринг-серіктесі Артем Лобов арасындағы «Proper No. Twelve» виски брендіне қатысты ұзаққа созылған сот дауы өз мәресіне жетті. Макгрегор Лобовқа өтемақы төлеп, мәселені өзара шешкен.
Даудың мән-жайы:
Естеріңізге сала кетейік, Артем Лобов 2017 жылы Конормен ауызша келісім (қол алысу) жасалғанын алға тартқан болатын. Оның айтуынша, брендті құру идеясы мен оның алғашқы жұмыстарына көмектескені үшін оған сатылымның 5% пайызы тиесілі болған.
-
2021 жылы Макгрегор брендті сатқан кезде 100 миллион еуродан астам табыс тапқан.
-
Бұған дейін Конор Лобовқа 1 миллион доллар ұсынған, бірақ Артем бұл сомадан бас тартып, сотқа жүгінген еді.
Нәтиже:
Соңғы мәліметтер бойынша, Конор Макгрегор Артемге виски бизнесіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, тиісті өтемақы төлеген. Лобов БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден бас тартқанымен, «қол жеткізілген шешімге көңілі толатынын» қысқа қайырды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!