16 жасар Әлидар жарыстың жартылай финалында Аюбхон Набиевке (Өзбекстан) есе жіберді. Жартылай финалға дейін ол үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. Әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан қоржынында бір алтын, үш қола жүлде бар. Қазақстан сапынан Айым Серікбаева Әлем чемпионы атанса, Ерасыл Ергеш пен Ислам Медетбай қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда.
Ақпарат көзі: Қазақстан таэквондо федерациясы
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!