#NAIZA
8 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде тарихи NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі өтеді. Бұл – қазақстандық лига тарихында алғаш рет Қытайда ұйымдастырылатын турнир. Кештің басты үш айқасы чемпиондық жекпе-жек болмақ және де Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы халықаралық жекпе-жек, одан қалды Фаниль Рафиковтың UFC ардагері Глейсон Тибауға қарсы кездесуі болады.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Бекжан Әбілқасым NAIZA лигасындағы алғашқы титул қорғауын сәтті өткізіп, қарсыласын екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Yerengaipov Top Team өкілі Сайхан Джемухаев қысқа уақыт ішінде жекпе-жекке шығып, Мирас Шантасовты жеңіп, NAIZA чемпионы атанды.
Қытайлық файтер Салауат Қали NAIZA 84 турнирінде Ғалымжан Жаслановты техникалық нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы MBT титулын иеленді.
NAIZA-ның экс-чемпионы Тимур Серікұлы Ақтауда өткен турнирде Али Чоршанбиевті жойқын соққымен нокаутқа түсіріп, маңызды жеңіске қол жеткізді.
NAIZA чемпионы Балғын Жеңісұлы Николай Самусевке қатысты пікір білдіріп, Қытайда өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты.
NAIZA 84 турнирінде чемпион Балғын Жеңісұлы салмақ лимитін орындай алмаған соң, титулдық жекпе-жек өтпей қалды. Осы жағдайдан кейін Николай Самусев қарсыласының әрекетін кәсіби емес деп атап, өз позициясын айтты.
NAIZA 84 турниріндегі Балғын Жеңісұлы мен Николай Самусев арасындағы чемпиондық айқас өтпейтін болды. Лига мәліметінше, Балғын салмақ лимитін орындай алмаған. Енді кештің жаңа басты жекпе-жегі — Бекжан Әбілқасым пен Бердібек Сиражов арасындағы кездесу.
6 маусым күні Ақтаудағы «Халық Аренада» NAIZA 84 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Балғын Жеңісұлы чемпиондық белбеуін қорғаса, ко-мейнде Бекжан Абылқасым титулын сақтап қалуға тырысады.
Naiza лигасындағы Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық кездесу күтпеген жағдайда аяқталды. Ережеге сай емес соққыдан кейін Болат жекпе-жекті жалғастыра алмады.