#таэквондо
Астанада Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының паратаеквондоны дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе федерацияның паратаеквондо бағыты бойынша вице-президентін тағайындау болды.
Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының жарық жұлдыздарының бірі Айым Серікбаева. Отандасымыз 2025 жылы жасөспірімдер арасында Азия ойындарында топ жарды. Бұдан бөлек, жуырда Ташкентте (Өзбекстан) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұрымды таеквондошымыз Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спорттағы алғашқы қадамдары, жетістікке жету жолы және алдағы мақсаттары туралы айтып берді.
Испанияның Аликанте (Ла-Нусия) аймағында таеквондодан «Spanish Open- G1» турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақстан таеквондошысы Айым Серікбаева Ташкентте өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қыздар арасында «Үздік спортшы» атанды.
Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Үшінші қоланы ұлдар арасында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әлидар Әбдукаримов жеңіп алды.
Алидар Абдукаримов таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында Әлем чемпионы атанды.
Ташкентте таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.
Қазақстан таеквондошысы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды