#UFC
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Жозе Алдо Мовсар Евлоевтің (20-0) өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді. Бұған дейін ресейлік файтер Алдоның допингке қарсы тексерулер күшейгенге дейін ғана мықты болғанын мәлімдеген еді.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янның баспасөз мәслихатындағы арандатушылық сөздеріне неге жауап бермегенін түсіндірді. Гүржілік файтер қарсыласын жекпе-жекте жеңіп, тәубесіне түсіретінін мәлімдеді.
Грузиялық файтер климатқа бейімделу үшін ертерек барудың қажеті жоқ деп есептейді.
UFC президенті Дана Уайт ұйымнан жеңіліс көрмеген Фарид Башараттың кетуіне қатысты пікір білдіріп, мұндай шешімнің өзіндік себептері бар екенін мәлімдеді.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янға қарсы жекпе-жекте бапкерлерінің күтпеген нұсқауы өзін шатастырғанын мәлімдеді.
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра (37-11) чемпиондық белбеу үшін тағы бір мүмкіндік алуды көздеп отыр. Бразилиялық файтер өзінің танымалдығының арқасында Арман Царукяннан бұрын титулдық жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтты. Желтоқсан айында UFC 335 турнирінде Оливейра Диего Лопеспен кездеседі. Бұл жекпе-жекте BMF белбеуі сарапқа салынады.
Қазақстандық ММА файтері Бахтияр Несіпбек Тбилисиде өткен RKENA және PFL бірлескен турнирінде жарқын жеңіске жетті. Ол америкалық Fury FC лигасының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Абдул Камараны нокаутқа түсірді.
UFC жеңіліс дәмін татпаған аса жеңіл салмақтағы файтер Фарид Башаратпен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Кәсіби мансабында 16 жеңіске жеткен спортшы UFC-де өткізген жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткеніне қарамастан, ұйыммен қош айтысты.
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Сейілхан Болатбек UFC BJJ промоушеніндегі алғашқы белдесуін өткізеді.
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (19-0) 2027 жылы октагонға қайта оралуы мүмкін. Жеңіліс көрмеген спортшы әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы эквадорлық Майкл Моралеске (19-0) қарсы жекпе-жекке ишара жасады.