#вольная борьба
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U15 және U20 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында 20 жасқа дейінгі балуандардың еркін күрес бәсекесі мәресіне жетті. Қазақстанның жастар құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
15–19 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік балуандары бас қосады.
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес құрамасы тағы үш медаль еншіледі.
Астанада өткен Қазақстан күрес конгресі отандық күрестің дамуындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Конгресс барысында саланың өзекті мәселелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Сондай-ақ халықаралық аренадағы маңызды жобалар мен бастамаларға ерекше назар аударылды.
Моңғолия астанасында өткен халықаралық рейтингтік Ulaanbaatar Open турнирі өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні еркін күрес шеберлері жеті салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирінің екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Бұл күні кілемге грек-рим және әйелдер күресінен қазақстандық спортшылар шықты.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды.
Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
4-7 маусым аралығында Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік Ulaanbaatar Open турнирі өтеді.
2026 жылғы 30-31 мамыр күндері Хорватияның Пореч қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті.