Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері жаңа салмақ дәрежесінде ең мықты қарсыластармен жұдырықтасуға дайын екенін тағы бір мәрте аңғартты.

Еске салсақ, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын ресми түрде мәлімдеген болатын. Кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшыны жаңа дивизионның рейтингінде бірден екінші орынға орналастырды.

Қазіргі уақытта Әлімханұлы допинг-сынамасына байланысты берілген уақытша шеттету мерзімін өтеп жатыр. Оның дисквалификациясы биылғы желтоқсан айында аяқталады. Осыдан кейін қазақстандық боксшы шаршы алаңға қайта оралып, екінші орта салмақтағы әлем чемпиондық белбеуі үшін таласқа қосылмақ.