#бокс
Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Азияның қазіргі чемпионы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы жекпе-жегінде Түркия өкілі Хакан Дениз Чокунды мерзімінен бұрын жеңді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен Дания өкілі Якоб Банк (20-0, 11 KO) арасындағы жекпе-жек ресми түрде жарияланды. Боксшылар екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша вакантты әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (21-0, 13 KO) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде көш бастады.
Қазақстанның жастар құрамасының (U-19) аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін анықтады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы вакантты әлем чемпионы атағы үшін жеңілмеген Дания боксшы Якоб Банкпен (20-0, 11 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек желтоқсан айында Дания астанасы Копенгагенде өтеді.
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай ХХ жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ALYPSOK.
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ALYPSOK.
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ALYPSOK.