#бокс
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) екінші орта салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингті жариялады.
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға қатысты шешіміне қатысты пікір білдірді.
Әлемге әйгілі америкалық бапкер Фредди Роуч Қазақстан әйелдер бокс құрамасының спортшыларымен өткізген жаттығу жиыны туралы пікір білдіріп, олардың жоғары шеберлігін ерекше атап өтті.
Қазақстандық бокс менеджері Жанпейіс Назарғали әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпқой бокстағы қызметін уақытша тоқтататынын хабарлады.
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 7 күміс және 3 қола.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымының орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады.
Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев Индонезияның Джакарта қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының қорытындысына қатысты пікір білдірді. Ол ұлттық құраманың нәтижесін объективті бағалап, Өзбекстан құрамасының басымдығын мойындау қажеттігін алға тартып отыр.
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасы тағы үш алтын және төрт күміс медаль қоржынға салды.
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні ұлдар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, чемпиондар анықталды.
Индонезияның Джакарта қаласында U19 және U23 жас санаттары арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты жалғасуда.