Жекпе-жек 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу IBA мен Nomad Fighting промоушенінің бірлескен International Boxing Day турнирі аясында ұйымдастырылады.
Тоқтар мен Исроилов суперорта салмақта кездесіп, жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді.
Бұл Еркебұлан Тоқтардың жекпе-жек мансабындағы кезекті сынақ болмақ. Ал оның қарсыласы — Өзбекстандағы поп-ММА бағытындағы ең танымал спортшылардың бірі.
Екі спортшының да әлеуметтік желілердегі танымалдығын ескерсек, бұл жекпе-жек турнирдің ең көп талқыланатын кездесулерінің біріне айналуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!