Қазақстандық боксшы рейтингтің бірінші сатысына австралиялық Джексон Инглендті (19-4, 10 KO) жеңгеннен кейін көтерілді. Заурбек қарсыласынан төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен басым түскен болатын.

Осы нәтижеден кейін Сұлтан Заурбек IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанды.

Қазіргі уақытта бұл салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы — мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 33 KO).

Енді Сұлтан Заурбектің алдында IBF чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігі тұр.