Осылайша қазіргі әлем чемпионы Хамза Шираз келесі мәрте титулын қазақстандық боксшыға қарсы қорғауы тиіс. Әлімханұлы міндетті үміткер мәртебесін Джейкоб Бэнктен бұрын алды.

Енді тараптарға жекпе-жектің шарттарын келісу үшін 20 күн берілді.

Егер осы уақыт ішінде келісімге қол жеткізілмесе, WBO промоутерлік сауда (purse bid) өткізеді. Оның қорытындысы бойынша жекпе-жекті ұйымдастыратын тарап анықталады.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы үшін чемпиондық белбеу үшін таласуға тағы бір мүмкіндікке ие болды.