Жаңартылған рейтингте «Қазақ королі» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы үздік 15 спортшының қатарынан шығарылды. Бұған дейін Сұлтан Зәуірбек WBA рейтингінің үшінші сатысында тұрған еді.
Соған қарамастан, қазақстандық боксшыны қыркүйек айының соңында маңызды жекпе-жек күтіп тұр. 26 қыркүйек Сұлтан Зәуірбек австралиялық Джексон Инглендпен кездеседі.
Бұл жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуге басты үміткер анықталады. Кездесу Австралияның Квинсленд штатында өтеді.
Ал Қазақстанның тағы бір өкілі Руслан Мадиев WBA рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды. Қазақстандық боксшы жартылай орта салмақ дәрежесінде тоғызыншы орында тұр.
Бұл салмақтағы WBA суперчемпионы — америкалық Теофимо Лопес.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!