Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде қарсыласына жауап беріп, жекпе-жек өткізуге дайын екенін ашық мәлімдеді:
«Жеңілістен кейін де тыныштық жоқ. Мен сенімен төбелесемін, келісімшартыңды дайында. Өзің айтқандай: “Эй, Дана, give me a contract! Егер оларға хайп керек болса — маған хабарласады”, — деді қазақстандық файтер.

12 сәуір күні Шешен тумасы Чурчаев Instagram парақшасында Тоқтарға үндеу жасап, олардың жекпе-жегі ТМД кеңістігіндегі ең ауқымды оқиғалардың біріне айналуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Чурчаев Наше Дело, Hardcore MMA және Hype Fighting ұйымдарындағы төбелесімен кеңінен танымал. Оның соңғы жекпе-жегі 2025 жылғы 20 маусымда LFA 211 турнирінде өтіп, америкалық Джейкоби Джонс қарсы төрешілер шешімімен жеңіліспен аяқталған еді.

Ал Еркебұлан Токтардың соңғы айқасы Hype FC турнирінде, Ереванда өтті. Бокс ережесі бойынша (ММА қолғаптарымен) өткен жекпе-жекте ол қырғызстандық Марсель Нурланбек уулуға қарсы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды.