70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түскен Сабырхан алтын медаль үшін айқасу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ ол жастар арасында бірнеше мәрте әлем және Азия чемпионы атанған.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарының кемінде күміс жүлдесін қамтамасыз етті. Енді отандасымыз финалда алтын медаль үшін жұдырықтасады.