Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін жетті.
Алтын медаль үшін өткен шешуші жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі Зияд Ишаишпен кездесті.
Қазақстандық боксшы финалда қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Осылайша, Төрехан Сабырхан Қазақстан қоржынына бокстан алтын жүлде салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!