Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Аса ауыр салмақта алтын медаль үшін өткен шешуші жекпе-жекте Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Джохангир Зокировпен кездесті.

Финалда қарсыласынан басым түскен қазақстандық боксшы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тағы бір жоғары жүлде салды.