Спортшының айтуынша, ол әлемдік деңгейдегі танымал файтерлермен кездесуге дайын және солардың бірі ретінде Эдсон Барбоза есімін атады. Сонымен қатар ол Жозе Альдо-мен жекпе-жек те қызықты болатынын, бірақ оның гонорары жоғары болғанын жеткізді.
«Ұйымдастыра алса — Эдсон Барбоза. Жозе Альдо қымбат сұрады. Мұхамеджан мен Нурдавлат оны алып келуге шамасы жетпеді. Осындай жекпе-жектен кейін маған жұлдызды жауынгерлермен төбелесу бұйырған шығар, ин ша Аллах. Солардың бірі — Эдсон Барбозамен өз өнерімді көрсеткім келеді», — деді Жұмабеков.
Бұған дейін спортшы Naiza FC мен Nomad FC ұйымдарында чемпиондық белбеулерге ие болып, өңірлік ареналарда өзін дәлелдеген болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!