Джон Джонс кеткеннен кейін дивизионда толық өзгеріс болды:
2011–2020 жылдары небәрі екі чемпион болса, 2020 жылдан бері жеті жаңа чемпион ауысты.

Олар:
• Ян Блахович
• Гловер Тишейра
• Иржи Прохазка
• Джамал Хилл
• Алекс Перейра
• Магомед Анкалаев
• Карлос Улберг

Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа чемпион Карлос Улберг титулдық жекпе-жек кезінде ACL-ін (тізені ұстап тұратын негізгі байлам) үзіп алған. Соған қарамастан, ол айқасты соңына дейін жеткізіп, чемпион атанды.

Жекпе-жектен кейін спортшыға ота жасалды — дәрігерлер операцияның сәтті өткенін хабарлады. Алайда жарақатына байланысты Улберг біраз уақыт октагоннан тыс қалады. Оның нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Сарапшылардың пікірінше, бұл дивизионда чемпион болу ғана емес, белбеуді ұзақ уақыт ұстап тұру да қиынға айналған.