Қырғызстандық ММА файтері Рустамбек Нуржанов JCK лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атанды. Ол титулдық жекпе-жекте қарсыласын төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, мансабындағы маңызды белесті бағындырды.
Бұған дейін Alash Pride FC ұйымында чемпион атанған Нуржанов енді JCK лигасында да белбеу иеленіп, тағы бір жетістікке қол жеткізді.
Енді Рустамбекті келесі айқаста JCK Гран-приінің жеңімпазы, моңғолиялық файтер Туул Намнанбайар күтіп тұр. Айта кетейік, Намнанбайар финалда қытайдағы қазақ файтері Аманқали Мыңбайұлын техникалық нокаутпен жеңіп, Гран-при чемпионы атанған еді.
Алдағы Нуржанов пен Намнанбайар арасындағы жекпе-жек JCK лигасындағы ең қызықты қарсыласулардың біріне айналуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!