Қазақстандық балуан Ризабек Айтмухан RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы атана алмады.

Чемпиондық белдесуде ол қазіргі чемпион - америкалық Кайл Снайдермен кездесті. Белдесу 12:6 есебімен Снайдердің пайдасына аяқталды.

Айта кетерлігі, Айтмухан кездесуді сәтті бастап, 6:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда ол басымдығын сақтай алмай, қарсыласына мүмкіндік беріп қойды. 

Осылайша, Кайл Снайдер RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы жеңілмеген чемпионы болып қала берді.