Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, аралас командалық жарыстың финалына шықты.

Ширек финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалда біздің дзюдошылар Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен кездесіп, тартысты бәсекеде 4:3 есебімен басым түсті. Шешуші ұпайды команда қоржынына Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) салды. 

Жартылай финалда ел намысын Бақыт Кұсақбаева (57 кг дейін), Ануар Жұмагелдин (73 кг дейін), Мөлдір Нарынова (70 кг дейін), Айбол Нысанәлі (90 кг дейін), Марат Байқамуров (90 кг жоғары), Назгүл Маратова (70 кг жоғары) қорғады.

Алтын жүлде үшін біздің құрама Моңғолгия командасымен кездеседі.