Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өткен дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшылар финалға дейін сенімді өнер көрсетті. Ширек финалда Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда біздің дзюдошылар Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен кездесіп, тартысты кездесуде 4:3 есебімен басым түсті. Шешуші ұпайды Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) әкелді.

Алайда финалда Қазақстан құрамасы Моңғолияға 0:4 есебімен жол беріп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.