Хамзат Чимаев Олимпиада чемпиондарын күреске шақырып, спаррингте өзін жеңе алған балуанға 200 000 доллар беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ол өз сөзінде былай деді:
«Байқұс балуандар мені жаппай күреске шақыра бастады. Спаррингке лайық серіктес табу қиындап кетті. Кез келген Олимпиада чемпионы менімен спаррингке шықсын деп күтіп жүрмін. Егер аман қалса, оған 200 мың доллар беремін».
Соңғы уақытта Хамзат Чимаевтің RAF WRESTLING лигасына қосылғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін, еркін күрес шеберлері тарапынан оған деген қызығушылық күшейе түсті. Солардың бірі — UFC файтері әрі бұрынғы еркін күрес шебері Бо Никал.
Бо Никал бұл жаңалыққа қатысты:
«Хамзат RAF лигасына қабылданыпты, бұл өте керемет жаңалық! Кеттік, күресіп тастайық!» — деп жазды.
Бұл жағдай Хамзат Чимаев пен еркін күрес әлемі арасындағы қызу талқыны одан әрі күшейтті.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!