Ислам Махачевпен жекпе-жек мүмкіндігін сөз еткен оның ықтимал қарсыласы Илия Топурия батыл болжам жасады. Оның айтуынша, мықты қарсыласпен айқас алдында ол әрдайым әлемді таңғалдырудың жолын ойлайды.

Топурияның пікірінше, Махачевпен жекпе-жекте ең үлкен сенсация — чемпионды сабмишнмен жеңу. Ол бұл жоспарын ашық айтып, қарсыласын партерге құлатып, әдіс жасауға сенімді екенін жеткізді.

«Мен оны құлатып, сабмишнмен жеңемін. Бұл біртүрлі естілуі мүмкін, көпшілік сенбеуі мүмкін. Бірақ бұл болған кезде таңғалмаңыздар», — деді ол.

Осылайша, файтер алдағы ықтимал жекпе-жек алдында өзіне толық сенімді екенін көрсетіп, Махачевке қатысты өжет мәлімдеме жасады.