Илия Топурия ықтимал қарсыласы Арман Царукян туралы өткір пікір білдіріп, жекпе-жек болса, бірінші раундта оның жақ сүйегін сындыруға уәде берді.

Топурия Царукянның мінез-құлқы мен әрекеттерін сынға алып, оны өзінің деңгейіндегі қарсылас санамайтынын айтты. Оның сөзінше, Арман өзін тым ерекше адам ретінде көрсетеді және нақты жекпе-жекке шығатын уақыт келгенде октагонда бәрін дәлелдеуі керек деп айтты.

«Царукян өзінің ақымақтығымен таңғалдырады, нағыз артта қалған адам сияқты. Ол кімге керек өзі? Интернеттен ол туралы көретінім - тек кринж(ол үшін ұяламын).

Маған өзін бай қылып көрсететін адамдар ұнамайды, ал ол өз ақшасын емес, әкесінің ақшасын шашып жүр. Ол - жай ғана боқмұрын.

Арман менің деңгейімде емес. Егер төбелессек, бірінші раундта оның жақ сүйегін сындырамын. Күрес турнирлеріне қатысып, стрим жасай бер, бірақ уақыты келгенде жекпе-жекке шық, сүмелек. Қалғанын өзім жасаймын».

Бұл сөздер жанкүйерлер арасында Илия Топурия мен Арман Царукян арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деген әңгімені одан әрі қыздыра түсті.