UFC Бакуде турнир өтетінін ресми түрде жариялады. Жақын уақытта кештің басты жекпе-жегі мен басқа да кездесулер бойынша толық ақпарат жарияланады.

Қазіргі таңда кардта қазақстандық файтерлер Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаевтың өнер көрсететіні белгілі.

Айта кетейік, Әзірбайжан астанасындағы бұл турнир аймақ үшін маңызды оқиға болмақ және аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығын тудырады.

UFC Әзербайжанның Спорт министрлігімен және Baku City Circuit операциялық компаниясымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Келісім аясында UFC 2026, 2027 және 2028 жылдары Бакуде жыл сайын UFC Fight Night турнирлерін өткізеді. Алғашқы ивент 2025 жылы өтіп, 14 000 көрермен жинады.