Қазақстандық ММА жауынгері Азат Мақсұм салмақ қуу процесінің өте ауыр өткенін айтып, мансабында өзгеріс жасайтынын жеткізді. Оның сөзінше, соңғы айқастардың алдында шамадан тыс салмақ тастау спорттық формаға кері әсер еткен.
Файтер соңғы айқасында 73 келіге дейін салмақ жинап, соның кесірінен 15 келіге дейін салмақ қууға мәжбүр болғанын, бұл процесс өте қиын өткенін атап өтті. Осы жағдайдан кейін ол бапкерімен және командасымен кеңесіп, салмақ категориясын өзгерту туралы шешім қабылдаған.
Енді спортшы 61 келі салмақ дәрежесіне ауысып, сол дивизионда өнер көрсетпек. Бұған дейін ол 57 келіде жекпе-жек өткізіп жүрген еді.
«Қазір негізгі салмағым 70–72 келі. Енді 61 келіге түсіп, толық күш жинап, сол салмақта өзімді көрсетемін», – деді Азат Мақсұм.
Алдағы уақытта ол жаңа салмақ дәрежесінде бірнеше жекпе-жек өткізіп, физикалық тұрғыдан күшейген нұсқасын көрсетпек.
Азат Мақсұм жаңа салмаққа ауысады
Бұрынғы UFC жауынгері Азат Мақсұм алдағы жекпе-жектерін жаңа салмақ дәрежесінде өткізетінін мәлімдеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!