Халықаралық дзюдо федерациясы Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Аталған дода 1–3 мамыр күндері өтеді. Бұл - әлемнің үздік дзюдошылары жиналатын ірі халықаралық жарыстардың бірі.
Қазақстан құрамасы бұл турнирге 12 спортшымен қатысады. Құрама келесі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді:
60 кг: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев
66 кг: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша
73 кг: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген
81 кг: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай
90 кг: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов
100 кг: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали
Айта кетейік, Grand Slam турнирлері әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар беретін беделді жарыстар қатарына жатады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!