UFC жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев октагонға жоспарланған уақыттан ертерек оралуы мүмкін.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт оның келесі айқасы тамыз айында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда соңғы ақпараттарға сәйкес, Махачев шілде айында жекпе-жекке шығуы ықтимал. Ол өз әлеуметтік желісінде келесі айқасының дәл шілдеде өтуі мүмкін екенін меңзеп, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қазіргі таңда оның ықтимал қарсыласы ретінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін Иен Мачадо Гарри қарастырылуда.

Еске сала кетейік, Ислам Махачев бұған дейін дивизион чемпионы Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын.

Егер бұл жекпе-жек ресми түрде бекітілсе, ол UFC-дегі ең үлкен супер айқастардың біріне айналуы мүмкін.