Жеңіліп көрмеген файтер жарақаттан кейінгі қалпына келу кезеңін жалғастырып жатыр. Оның жаттығуларының бірінен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады: кадрларда Шавкат жаттығулардың оңайға соқпай жатқанын жасырмайды.



Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың 7 желтоқсанында октагонға шыққан еді. Ол сол жекпе-жекте ирландиялық Иэн Мачадо Гарри-ді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Жарақатына байланысты ұзақ үзіліс алған қазақстандық спортшы жартылай орта салмақтағы UFC рейтингіндегі орнын уақытша жоғалтты. Соған қарамастан, оның кәсіби рекорды әлі де мінсіз күйде қалып отыр — 19 жеңіс, 0 жеңіліс.