Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Батырбеков ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен белдесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұған дейін Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) және Әлинұр Қуатұлы қола медаль алған еді.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі