UFC жұлдыздары Иэн Мачадо Гарри мен Ислам Махачев арасында сөз тартыс басталды. Екі файтер әлеуметтік желіде бір-біріне жауап беріп, ықтимал жекпе-жек алдындағы шиеленісті күшейтті.
Алғаш болып Иэн Мачадо Гарри қарсыласына қатысты күмәнін білдіріп, оны уақыт созып жүр деп айыптады:
«Алдымен қолың жарақат алды дедің, Дана тамыз деді, сен шілде дейсің. Мамырда соңғы рет жекпе-жектен бас тартқаныңнан бері мен дайынмын. Бәріміз сені күтіп отырмыз, “ханшайым”», — деді ол.
Өз кезегінде Ислам Махачев де жауапсыз қалмай, қарсыласына қатаң жауап берді:
«Менің жарақатыма басыңды қатырма! Мен кез келген уақытта дайынмын. Келісімшартты күтіп отырмын», — деп мәлімдеді чемпион.
Айта кетейік, соңғы уақытта осы екі файтердің арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы әңгімелер жиілеп келеді. Егер бұл айқас ресми түрде бекітілсе, ол UFC-дегі ең қызықты қарсыластықтардың біріне айналуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!