Қазақстандық UFC жауынгері Николай Веретенников келесі жекпе-жегін 2026 жылдың 16 мамырында өткізеді. Айқас АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Vegas 117 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Веретенников жартылай орта салмақта (170 фунт) америкалық файтер Кхаос Уильямске қарсы жекпе-жек өткізеді.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшының рекорды — 14 жеңіс және 7 жеңіліс (UFC-де 2-3). Ол бұған дейін Энтони Айви, Нико Прайс және Франсиско Прадо секілді қарсыластарды жеңген болатын.

Ал оның қарсыласы Кхаос Уильямс UFC-де тәжірибелі файтер саналады. Оның рекорды — 15 жеңіс, 5 жеңіліс (UFC-де 6-4), сондай-ақ ол төрт рет «Кештің үздік өнер көрсеткені файтері» бонусын алған.

Бұл жекпе-жек Веретенников үшін UFC-дегі позициясын жақсартуға үлкен мүмкіндік болмақ. Қазақстандық жанкүйерлер оның өнерін асыға күтуде.