АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Vegas 116 турнирі қарсаңында барлық қатысушылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Турнир 25 сәуір күні өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта Алджэмейн Стерлинг (66,22 кг) пен Юссеф Залал (65,99 кг) октагонға шығады. Екі файтер де белгіленген лимиттен аспай, жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.
Сонымен қатар, басты кардта бірнеше қызықты айқастар өтеді. Атап айтқанда, әйелдер аса жеңіл салмағында Норма Дюмонт пен Джозелин Эдвардс кездессе, жеңіл салмақта Рафа Гарсия мен Александр Хернандез өзара күш сынасады.
Сондай-ақ кардта Маркус Бучеча мен Раян Спэнн арасындағы ауыр салмақтағы жекпе-жек те көрермендер қызығушылығын тудырып отыр.
Айта кетейік, турнир Paramount+ платформасында тікелей эфирде көрсетіледі. UFC Vegas 116 кеші жанкүйерлерге тартысты әрі қызықты айқастар сыйлауы күтілуде.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!